Саясат

АҚШ Украина мен Ресейден шабуылдарды уақытша тоқтатуды сұрады

АҚШ Украинадан Мәскеуге жасалатын шабуылдарды, ал Ресейден Киевке ракеталық соққыларды уақытша тоқтатуды сұраған. Бұл өтініш АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің Ресей мен Украинаға сапарына байланысты айтылған. Бұл туралы The New York Times жазды.

Дрон

Басылым мәліметінше, Уиткофф пен Кушнер демалыс күндері Мәскеу мен Киевке барып, бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруға тырысады. Олар 5 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Кейін америкалық өкілдер Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізеді деп күтіледі.

The New York Times жазуынша, бұл сапарға қатысты келіссөздер бірнеше апта бойы жалғасқан.

АҚШ тарапы Уиткофф пен Кушнер Ресейде болған кезде Украинадан Мәскеуге және Ресейдің энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалатын дрон шабуылдарын уақытша тоқтатуды сұраған. Өз кезегінде Ресейден Киевке ракеталық соққыларын доғаруды талап еткен.

Уиткофф пен Кушнер бұған дейін Мәскеуге бірнеше рет барғанымен, Киевке алғаш рет бармақ. Оларға Украина астанасына келуге бірнеше рет ресми шақырту келген.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз