Әлеумет

Әкімдік тозығы жеткен спорт кешенін 389 млн теңгеге сатып алмақ болған

Атырау облысы Жылыой ауданында бюджет есебінен 389 млн теңгеге спорт кешенін сатып алу жоспарланған. Бұл шешімді аудандық бюджеттік комиссия 2025 жылғы 17 желтоқсанда мақұлдаған.

1

Алайда прокуратура тексерісінен кейін мәміле қайта қаралды.

Қадағалаушы органның мәліметінше, сатып алынбақ болған нысанның жағдайы қанағаттанарлықсыз, яғни әбден тозған. Мұндай активті сатып алған жағдайда, оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы бөлу қажет болар еді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қаражаттың екі рет жұмсалуына әкелуі мүмкін.

Нәтижесінде жоспарланған сатып алу тиімділігі күмән тудырып, шешім қайта қарауға жіберілді.

Тегтер: Атырау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз