Қоғам

Ақмола облысында жоғалып кеткен шопан өлі күйінде табылды

Ақмола облысында үш күн бойы іздеген 44 жастағы шопан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды КазТАГ.

полиция

Ақмола облысы полиция департаменті мәліметінше, Бұланды ауданына қарасты Капитоновка ауылы тұрғынының жоғалып кеткені туралы 19 мамырда полицияға арыз түскен.

Іздестіру шараларының нәтижесінде 22 мамырда ер адамның мәйіті табылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицияның алдын ала мәліметіне сәйкес, мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Сонымен қатар өңірде тағы бір адамның жоғалып кеткені туралы дерек тіркелген. Біржан сал ауданында жоғалып кеткен азаматты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда полиция бұл оқиғаға қатысты қосымша мәлімет таратпады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз