Ақмола облысының сегіз жастағы қызды көлік қағып кетті
Ақмола облысының Макинск қаласында Mercedes көлігі сегіз жастағы қызды қағып кетті. Бала алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Московская көшесінде болған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, 2018 жылы туған қыз жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны Mercedes көлігі қағып кеткен.
Жол апатынан кейін бала медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Mercedes жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.