Қоғам

Ақнәр Гүлістанның өлімі бойынша істе ешкім күдікті деп танылмады

Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Ақнәр Хамитова

Оның айтуынша, қоғамда үлкен резонанс тудырған істі қазіргі уақытта ІІМ-нің Тергеу департаменті қарап жатыр.

Министр орынбасарының сөзінше, қылмыстық іс материалдарының бір бөлігі мен сараптама қорытындылары халықаралық тергеу тапсырмасы аясында Қытай Халық Республикасына жолданған. Бұған Ақнәр Гүлстанның бұрын Қытайда оқып, тұрғаны себеп болған.

"Сараптама нәтижелері мен бірқатар материал Қытай тарапына жіберілді. Қазіргі уақытта әріптестерімізден жауап күтіп отырмыз. Осы қылмыстық іс бойынша әзірге ешкім күдікті деп танылған жоқ", - деді Санжар Әділов.

Айта кетейік, Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тергеу екі жылға жуық уақыттан бері жүргізіліп келеді. Бұған дейін марқұмның анасы Мемлекет басшысына үндеу жасап, Алматы құқық қорғау органдарының жұмысына сенімсіздік білдірген болатын.

Ол істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеуді талап етіп, қызы қайтыс болған сәтте оның жанында болған екі құрбысын жауапкершілікке тарту мәселесін көтерген еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз