Саясат

Ақорда Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының егжей-тегжейін жариялады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев пен Путин

Мәліметке сәйкес, Владимир Путин 27-29 мамыр аралығында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапар жасайды.

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтудың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылайды.

28 мамыр күні Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Еске салсақ, 2025 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық қатынасты жан-жақты стратегиялық әріптестік және одақтастық деңгейіне көтеру туралы декларацияға қол қойған еді.

Сол кезде Қазақстан президенті бұл құжаттың тарихи маңызы бар екенін айтып, «екі халық арасындағы өзара сенімнің мызғымайтынын және ынтымақтастықтың кең мүмкіндігін көрсетеді» деп мәлімдеген болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз