Live

АҚШ Иранға қойылған негізгі талаптарды атады

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында Иранмен келіссөздердің барысы туралы айтып, Вашингтонның басты талаптарын жариялады.

АҚШ пен Иран


Оның айтуынша, Исламабадтағы келіссөздер толық нәтижесіз болмаған. Иран белгілі бір ымыраға дайын екенін көрсеткенімен, бұл АҚШ үшін жеткіліксіз.

АҚШ-тың негізгі талабы – Иранды уран байыту мүмкіндігінен толық айыру. Сондай-ақ Вашингтон байытылған уранды Иран аумағынан толық шығаруды талап етеді.

«Ірі келісімге» қол жеткізу үшін Иран ядролық қару жасау ниетінен бас тартып, терроризмді қолдауды тоқтатуы тиіс.

Келіссөздерде белгілі бір ілгерілеу бар, алайда толық келісімге әлі ерте.

АҚШ Иранға қысымды күшейтіп, Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспортын шектеу шараларын қарастырып отыр.

Алдағы күндері Тегеранның нақты шешім қабылдауға дайын немесе дайын еместігі белгілі болады.

Иран тарапы келіссөздерде қатаң ұстанымда қалып отыр. Егер ел ядролық қаруға ие болса, бұл бүкіл әлем үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Тегтер: АҚШ Иран
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз