Қоғам

АҚШ-қа жұмысқа барған 200-ге жуық қазақстандық студент елге қайта алмай қалды

АҚШ-қа маусымдық жұмысқа барған 200-ге жуық қазақстандық студент елге орала алмай отыр. Студенттер қалыптасқан жағдайға сапарды ұйымдастырған тарапты кінәлайды.

NEET жастар

Олардың арасында баспана мен қонақүй ақысын төлеуге қаражаты жоқ жастар да бар.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға байланысты сапарды ұйымдастырушылармен байланыс орнатылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, студенттердің басым бөлігі Қазақстанға қайтып келген.

Ал кейбір жастардың Лос-Анджелесте уақытша қалуы мүмкін екені айтылды. Қазақстанның Сан-Францискодағы консулдығы да жағдайды бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда студенттерге көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз