Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:01, 16 Сәуір 2025

АҚШ Қытаймен сауданы азайтуды талап етпек

Трамп
Трамп. Фото: Getty Images

АҚШ билігі импорттық баж салығын алып тастау жөніндегі келіссөздерді басқа елдерді Қытаймен сауда-саттықты шектеуге көндіру үшін пайдаланбақ. Бұл туралы америкалық Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, бұл бастаманың артында АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент тұр. Ол Вашингтонның сауда серіктестері Қытайды өз экономикаларына тартуды шектеген жағдайда ғана тарифтерге қатысты жеңілдіктер жасауға болатынын алға тартуда.

WSJ дереккөздері АҚШ өзге елдерден мынадай талаптарды қоюы мүмкін екенін айтады:

  • Қытай тауарларының өз аумағы арқылы реэкспортын тоқтату;

  • Қытай компанияларының кеңселерін ашуға тыйым салу;

  • Қытайдың арзан өндірістік компоненттерін ішкі нарыққа жібермеу.

Бұл талаптар елдің Қытаймен экономикалық байланысына қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Бессент ұсынған ұсыныстардың бірі – Қытай компанияларының акцияларымен АҚШ биржаларында сауданы шектеу. Дегенмен, Қытайға қатысты Вашингтон ұстанып отырған саясаттың түпкі мақсаты әлі де нақты белгісіз.

Қазіргі таңда АҚШ билігі 75-тен астам елмен кедендік баж салығын алып тастау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда Қытай үшін бұл салық көлемі 245%-ға дейін өсуі мүмкін.

Айта кетейік, сауда шиеленісі 2 сәуірде басталған болатын. АҚШ президенті 183 елге — негізгі сауда серіктестеріне — қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеген. Бұл тарифтер кей елдер үшін 40%-дан асса, Қытай үшін бастапқыда 34% болған. Кейінірек бұл көрсеткіш 125%, ал кейін 145%-ға дейін көтерілді. Пекин де бұған жауап ретінде симметриялық шаралар қабылдап, тарифтерді 125%-ға дейін жеткізді.

Тегтер: