Қырғызстанда бұрынғы ТЖМ басшысы Бообек Ажикеев ұсталды
Қырғызстанның бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев ұсталды. Бұл туралы елдің Әскери прокуратурасы хабарлады.
Ажикеевке қызметтік өкілетін теріс пайдаланды деген күдік келтіріліп отыр. Қылмыстық іс Бәйтік метеостанциясының аумағында заңсыз құрылыс жүргізілуіне байланысты қозғалған.
Тергеу мәліметінше, метеостанция аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз ғимарат салынған. Нысан Ала-Арча өзенінің су қорғау аймағында орналасқан. Әскери прокуратураның мәліметінше, лауазымды тұлғалардың әрекеті салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілген.
Бообек Ажикеев Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігін 2021 жылғы қазаннан 2026 жылғы ақпанға дейін басқарған.
Қазір бұрынғы министр уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жалғасып жатыр.