Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:42, 26 Қаңтар 2024

АҚШ профессоры шайға тұз қосуды ұсынып, дүрбелең тудырды

шай
Фото: из открытых источников

АҚШ-тың химия профессоры Мишель Франко шайға тұз қосуды ұсынып, Ұлыбританияда дүрбелең тудырды. Шай дайындау тәсілдері туралы пікірталастар екі елдің дипломатиялық миссиялары диалогқа араласқан ауқымға дейін өршіді, деп жазды Zhasalash.kz.

АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшілігі "Ұлыбританияның ұлттық сусынына тұз қосудың ойға келмейтін идеясы АҚШ-тың ресми саясаты емес" деп мәлімдеді. АҚШ-тағы Ұлыбритания елшілігі болса видеода британдықтардың Америкада шайдың суын микротолқынды пеште қайнатады деген стереотипін әзілмен жеңіп, суды шәйнекте қайнатуға шақырды.

Франклдың өзі «дипломатиялық жанжал» тудыруға ниеті жоқ екенін айтып, ащылықты бейтараптандыру үшін шайға тұз қосуды ұсынды.