Тұңғыш Президент саябағы уақытша жабылады
Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері хабарлады.
Алматыда Тұңғыш Президент саябағын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толықтай жабылады.
Саябақта инженерлік және жүргіншілер жолы жаңартылып, аумақты кешенді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады. Оған көршілес аумақтарды жалғайтын жүргіншілер көпірі арқылы өтуге болады.
Жұмыстың аяқталу мерзімі мен саябақтың ашылатын күні туралы қосымша хабарланады.