АҚШ Сириядан әскерін толық шығарды
Дамаск билігі АҚШ әскерлерінің Сирия аумағынан толық шығарылғанын мәлімдеді.
Бұл ақпаратты АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы – CENTCOM да растады.
Сирия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін америкалық күштер орналасқан барлық әскери нысандар ел үкіметінің бақылауына берілген.
Дамаск бұл шешімді елдегі қауіпсіздік жағдайының өзгеруімен және терроризмге қарсы операцияларды енді өз күшімен жүргізе алатынымен түсіндірді.