Саясат

АҚШ Сирияны лаңкестікті қолдайтын мемлекеттер тізімінен шығарды

АҚШ Сирияны терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен алып тастады. Сирия бұл тізімде шамамен жарты ғасырға жуық уақыт болған.

Сирия

Сонымен қатар Вашингтон билікке Башар Асад құлатылғаннан кейін келген «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) ұйымына салынған санкцияларды да алып тастады.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, жаңа шаралар Сирияға инвестиция тартуға және елдің экономикалық әрі саяси тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік беруі тиіс.

Вашингтон Сириядағы билік ауысқаннан кейін санкциялық шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастап жатыр. 2024 жылдың соңында елді жарты ғасырдан астам уақыт басқарған Асадтар әулетінің билігі құлатылған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз