Әлеумет

АҚШ-та атыс: Луизианада сегіз бала қаза тапты

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында болған қарулы шабуыл салдарынан сегіз бала қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды.

Ақш

Бұл туралы Deutsche Welle жазды.

Оқиға 19 сәуір күні таңертең болған. NBC News мәліметінше, қарулы шабуылды жасаған ер адам екі үйді қамтыған аумақта оқ жаудырған. Құрбандардың кейбірі күдіктінің туыстары болуы мүмкін.

Полицияның алдын ала дерегі бойынша, бұл оқиға отбасылық жанжалмен байланысты.

Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан қашып кету үшін көлік ұрлап, бой тасалауға тырысқан. Алайда полицейлер оны қуып жетіп, күдіктіні атып өлтірген.

Шривпорт полициясының өкілі Кристофер Борделон бұл оқиғаны қала тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі деп атады.

Қала мэрі Том Арсено аза тұту жариялады.

Түркияда мектепте атыс болды

Сонымен қатар Түркияның Кахраманмараш қаласында орта мектептердің бірінде атыс болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 8-сынып оқушысы мектепке тапаншамен келіп, екі сыныпқа оқ атқан. Салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тапты – олардың бірі мұғалім, сегізі оқушы.

Тағы 13 адам жарақат алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз