Әлеумет

Болат Назарбаевқа тиесілі болған ірі базардың жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан «Барыс» автобазарының 36,7 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Барыс

Бұған дейін бұл жерлердің Болат Назарбаевқа қатысы болған.

 Қарасай ауданы әкімдігі аталған жер учаскелерінің мемлекеттік жер қорына өткенін растаған.

Анықталғандай, 2004-2018 жылдар аралығында жалпы аумағы 36,7316 гектар жер заң талаптарын бұза отырып берілген. Атап айтқанда, жер учаскелері конкурс өткізілместен бөлініп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертілген.

Жердің бір бөлігі кейін «Auto market Karasay» ЖШС-нің меншігіне өткен.

2023 жылы сот шешімімен 11,5 гектар жер мемлекетке қайтарылған. Кейін қалған 25,5 гектардан астам аумақты қайтару мәселесі қаралған.

Қарасай ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жалпы көлемі 36,7 гектар жер толықтай мемлекеттік жер қорына енгізілген.

Бұған дейін Алматы облысының бұрынғы әкімі Марат Сұлтанғазиев аталған аумақта өнеркәсіптік индустриялық аймақ құру жоспары бар екенін мәлімдеген. Алайда бұл бастаманың қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, мемлекет меншігіне қайтарылғаны расталған нысан – базар орналасқан жер учаскелері. Ал базардағы ғимараттар мен өзге де коммерциялық мүліктің құқықтық мәртебесі туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Барыс базары
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз