Әлеумет

Қызылордада криптовалютаны заңсыз айырбастағандар сотталды

Қызылорда облысында криптовалютаны заңсыз айырбастап, есірткі саудасынан түскен ақшаны заңдастырған екі адам сотталды.

криптовалюта

Тергеу мәліметінше, олар тиісті рұқсатсыз, "Астана" халықаралық қаржы орталығының сауда алаңдарынан тыс жерде Binance платформасының P2P қызметі арқылы цифрлық активтерді сатқан.

Заңсыз операциялардың жалпы көлемі 1 млрд теңгеден асқан. Ал криптовалютаны айырбастаудан түскен табыс 178 млн теңгеге жеткен.

Сонымен қатар сотталғандардың бірі есірткі саудасынан түскен қаражатты заңдастыруға қатысқан. Ол ақша қабылдап, өзге шоттарға аудару үшін банк шоттарын пайдалануға берген адамдарды, яғни дропперлерді тартқан.

Осы шоттар арқылы 600 млн теңгеден астам қаражат аударылған. Кейін ақша криптовалютаға айырбасталып, есірткі сатушылардың криптоәмияндарына жіберілген. Тергеу дерегіне сәйкес, мұндай аударымдардың жалпы көлемі 277 мың USDT болған.

Қылмыстық жолмен тапқан ақшасына сотталғандар жүк көліктері мен тіркемелер сатып алып, оларды жақын туыстарының атына рәсімдеген. Кейін техниканы кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, заңды тұлғаларға жалға берген.

Сот үкімімен бір адам үш жылға, екіншісі екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен бірге төрт арнайы техника мен қылмыстық жолмен алынған 1 млрд теңгеден астам табыс мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз