Әлеумет

Таиландта Интерпол іздеу жариялаған 24 жастағы қазақстандық ұсталды

Таиландта Интерпол іздеу жариялаған 24 жастағы қазақстандық ұсталды

1

Таиландтың Пхукет аралында халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы Қазақстан азаматы қолға түсті. Ол алаяқтық және ақшаны жылыстату ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген. Бұл туралы The Phuket News басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, ер адам Пхукет аралындағы Патонг ауданында ұсталған. Оған халықаралық алаяқтық желісіне қатысы болуы мүмкін деген күдік келтіріліп отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған желі қаржы жымқыру және заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатумен айналысқан.

Сонымен қатар қазақстандық Таиландта болу мерзімін де бұзған. Оның визасының мерзімі 185 күннен астам уақыт бұрын аяқталғаны анықталған.

Қазіргі уақытта ер адамның ұсталуына қатысты өзге де мәліметтер жарияланған жоқ. Оның Қазақстанға экстрадицияланатыны туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Таиланд
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз