Әлеумет

"Тіл үйрен, ауылыңа қайт" деген әйел 10 тәулікке қамалды

Алматыда қазақ тілінде сөйлегені үшін жұмысқа қабылдаудан бас тартқан әйел 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев хабарлады.

1

Оқиға Алматы қаласында болған еді. Жұмыс іздеп келген азамат қазақ тілінде сөйлегені үшін жұмыс беруші тарапынан дөрекі жауап естіген. Ольга Солошенко есімді әйел оған "Тіл үйрен, ауылыңа қайт" деген сөз айтқан.

Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына шағым түсірілген.

Заңгер Мейірман Шекеевтің мәліметінше, Алматы қалалық полиция департаменті аталған жағдай бойынша тиісті шара қабылдаған.

Түрксіб аудандық полиция қызметкерлері Ольга Солошенконы анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген.

Іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, яғни "Ұсақ бұзақылық" бойынша қаралған.

Сот шешімімен әйел 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, Алматы қалалық полиция департаментінің арнайы қабылдау орнына орналастырылғаны хабарланды.

Айта кетейік, аталған бап қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, азаматтарға қорлап тиісу және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын өзге де әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз