11:24, 30 Қыркүйек 2024
Ақтау гарнизонында 39 жастағы әскери қызметші өзіне қол жұмсады
ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Ақтау гарнизонында келісімшарт бойынша қызмет ететін 39 жастағы әскери қызметші өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Оқиға 28 қыркүйекте болған.
«Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылғы әскери қызметшінің денесі табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.