Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:10, 27 Қазан 2023

Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты қамауға алынды

амв
Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Ол арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды  Zhasalash.kz.

Сәния Мұратованың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы немесе масаң күйдегі адамның басқаруына беруі" бабы бойынша іс қозғалған болатын. Сот бұған дейін айыпталушыны бірнеше мәрте процеске мәжбүрлеп әкелу туралы ұйғарым шығарған.

Айта кетейік, 26 қазанда сот оны мас күйінде көлік жүргізгені үшін кінәлі деп тапты. Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл ретте шешім жарияланған күні Мұратованың өзі сотқа келмеді. Тыңдау барысында полиция инспекторы бір ай бойы экс-депутаттың қайда екенін анықтай алмағанын айтты.

Бұған дейін, сот оның мандатынан бас тарту үшін сайлау комиссиясына арыз жазған, арызды қалалық мәслихат мақұлдады.