Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 20 Қараша 2023

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Ақтөбе
Фото:

Аталған оқиға Ақтөбе – Орынбор тасжолында болған

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 қарашада сағат 05:45 шамасында Ақтөбе – Орынбор тасжолының 73 шақырымында болған.

«Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды», - делінген хабарламада.

Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілсе, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.