Қоғам

Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері үйлену тойына арналған автокөліктер кортежінде жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын көрсететін бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Бейнематериалда көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың автокөлік терезелерінен денелерін шығарғаны, жүргізушілердің рөлде телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

Бейнежазба зерделеніп, Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушылардың барлығын анықтады. 

Құқық бұзушылық жасаған азаматтардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көліктердің бірі арнайы тұраққа қойылды. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз