Қоғам

Ақтөбе облысында шетелдік студенттен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

Ақтөбе облысында шетелдік студенттен ақша бопсалады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

полиция

Полиция мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдік студенттен ақша талап ету дерегі туралы жедел ақпарат алған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, арнайы жасақтың қатысуымен ақша алу кезінде ұсталған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, шамамен 10 күн бұрын күдікті шетелдік студенттермен танысып, олармен бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген.

Тергеу нұсқасы бойынша, бір күні компанияның кафе ақысын төлеуге қаражаты жетпеген. Осы кезде күдікті студенттердің бірін қорқытып, оның ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Бірнеше күннен кейін ол шетелдік азаматтан тағы да қорқыту арқылы 50 мың теңге алған.

Аталған факті бойынша бопсалау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз