Қоғам

Ақтөбе облысында тойдан кейінгі төбелесте 26 жастағы жігіт қаза тапты

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында тойдан кейін төбелес болып, салдарынан 26 жастағы азамат көз жұмды.

полиция

Оқиға 8 тамызда болған. Тойдан кейінгі жанжал кезінде жас жігіт ауыр жарақат алған. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз