Қоғам

Ақтөбеде той кортежін 90-жылдардағыдай безендірген жүргізушілер жазаланды

Ақтөбеде 90-жылдардағы тойларды еске түсіретін ерекше кортеж әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Ақтөбе

Кадрларда көп адамның ГАЗ-53 көлігінің жүк кузовында отырғаны көрінеді.Желіде тараған видеоны полиция қызметкерлері де назарға алып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына қатысты тексеру жүргізді.Нәтижесінде бірнеше жүргізушінің жол ережесін бұзғаны анықталды. Олар жолаушыларды көлік салонынан тыс жерде тасымалдаған. Сонымен қатар күндіз фараларды дұрыс пайдаланбаған және дыбыстық сигналдарды талапқа сай қолданбаған.Полиция құқық бұзған жүргізушілердің барлығын анықтады. Олар Қарғалы ауданының тұрғындары болып шыққан.Тәртіп бұзған жүргізушілердің барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз