Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты тергеу аяқталды
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы бойында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу аяқталды.
Бұл туралы адвокат Олег Чернов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты істі зерделеуге кірістік. Іс аяқталды», – деп жазды ол.
Оқиға 2026 жылғы 21 наурызда болған. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатып қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Күдікті жарақат алып, бастапқыда медициналық мекемеде күзетпен ем қабылдаған. Кейін жағдайы тұрақтанған соң ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.