Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:12, 10 Мамыр 2024

Жаңадан құрылған Алатау қаласына әкім тағайындалды

ы
Фото: из открытых источников

Алматы облысының әкімдігі жаңадан құрылған Алатау қаласына жаңа әкім тағайындалғанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алатау қалалық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Алатау қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, делінген хабарламада.

Әркен Хамитұлы 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2006 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2010 жылы Карнеги Меллон университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, мемлекеттік саясат және басқару ғылымының магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Казинвестбанк» АҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс бойынша менеджері болып бастаған.

Әр жылдары елдің банк саласында қызмет атқарған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарған.

2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.

2020 жылғы қазаннан 2024 жылғы 30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, Алатау қаласы Алматы мен Қонаев қалаларының арасында орналасқан.

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Тегтер: