Қоғам

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады.

Экстрадиция

2022-2023 жылдар аралығында күдікті интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың мамыр айында ол Албания Республикасында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз