Әлеумет

Алғабас ауылындағы тоғыз баланың өліміне әкелген өрттің себебі айтылды

Түркістан облысы Алғабас ауылында тоғыз бала қаза тапқан өрттің себебін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев атады.

Түркия

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 18 қарашасы күні таңертең болған. Құтқарушылар өртеніп жатқан үйден үш адамды ес-түссіз күйде алып шығып, тағы 12 адамның мәйітін тапқан. Қаза тапқандардың арасында тоғыз бала болған.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша тергеу жүргізілген.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, өрттен қылмыстық із табылмаған.

«Бұл – тұрмыстық себеп. Меніңше, тергеу де аяқталған. Өрттің шығу себебі – электр құрылғысы», – деді вице-премьер үкіметтегі брифинг кезінде.

Ол өрттің нақты себебі сараптамалардан кейін бірден анықталғанын айтты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз