Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:26, 26 Сәуір 2024

Алматы әкімдігі жаңа метроға 250 млн доллар артық төлейді

в
Фото: из открытых источников

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматы әкімдігі жаңа метро стансаларының құрылысына кем дегенде 116 миллиард теңге артық төлейтінін айтты. 

Оның айтуынша, жаңа метро жолдары «Алтын Орда» базарына дейін созылып, ұзындығы 5,3 шақырымды құрайды. 

Жобалаушылардың есебі бойынша, салық пен пайданы есепке алғанда үш станцияның құрылысына 334 миллиард теңге бөлу керек. Алайда шенеуніктер шетелдік мердігерлерді шақырып, оларға 450 миллиард теңге – миллиард доллар төлеуді жоспарлап отыр.
Яғни, олар 250 миллион долларды артық төлеуге дайын. Алғашқы құжаттарға қол қойылды, дейді ол.

Санжар Боқаев метро құрылысына келісім-шартты әуелі метро құрылысында тәжірибесі жоқ, үй құрылысымен айналысатын «Базис Констракшн» ЖШС алғанын айтады. Оның сөзінше, тәжірибенің жоқтығы жұмыстың кешеуілдеуіне әкеліп соққан. Мәселен, 2020 жылы басталған құрылыс қазір өте баяу қарқынмен жүріп жатыр, тіпті жартысы да аяқталмаған көрінеді.

Метро желісінің бір шақырымының құны 85 миллиард теңгені немесе 189 миллион долларды құрайды. Өз кезегінде, алдыңғы учаскелерде метро құрылысының құны 1 км үшін 67 млн ​​долларды құрады, яғни қазіргі бағадан 3 есе аз. Оның үстіне, метро құрылысына қатысты құжаттарды зерделеу нәтижесінде метро құрылысының бағасы күрт көтерілгенін байқадық. Қазақстан билігі жаңа метро станцияларын салу үшін – бір түрік және бір қытай компанияларымен келіскен. Ал дәл осы екі шетелдік компания метро құрылысын бар есептен 120 миллиард теңгеге артық салуды жоспарлап отыр, дейді Боқаев.

Боқаев метроны салу үшін нақты қандай компаниялармен келісім барын айтпады. Сондай-ақ, ол Ұлттық экономика министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті осы сатып алуды тексеруге шақырды.

Фото: karavan.kz

Тегтер: