Алматы әуежайын басып алу ісі: Әйгерім Тілеужановаға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Алматы қалалық соты 2022 жылы Қаңтар оқиғалары кезінде қалалық әуежайды басып алу ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Қалалық сот журналист Әйгерім Тілеужанованы төрт жылға бас бостандығынан айырған үкімді және басқа айыпталушыларға қатысты үкімді де өзгеріссіз қалдырды.
Сонымен қатар әуежай мен қызмет көрсету және әуе компаниясы ғимаратының өкілдері жәбірленуші тарап ретінде шығынды өтеуді талап еткен. Сот оларға келтірілген шығынды жәбірленушілердің пайдасына өндіріп алу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, 2023 жылғы 5 қаңтарда пленарлық отырыста Бас прокурор Асылов қаңтардағы оқиғалар туралы сұраққа жауап бере отырып, белсенді Әйгерім Тілеужан мен мұғалім Қалас Нұрпейісовті "діни экстремистер", сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар деп айыптады. Әйгерім Тілеужанованы шілде айында 4 жылға бостандығынан айырып, қауіпсіздігі орташа түзеу колониясына жіберді. Бұған қоса Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтар 8 жылға бостандығынан айырылды.