Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:40

Алматы кафелерінің бірінде төбелес шығарған 6 шетелдік депортацияланатын болды

1
t.me/zhest_kz_official

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы дәмханалардың бірінде қаладағы жоғары оқу орындарының шетелдік студенттері төбелесіне қатысты пікір білдірді.

Желіде төбелестің видеосы тарап кетті. Кадрда бірнеше жастың орындықтар, таяқтар, тіпті үстелмен бір-бірін ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Үкімет отырысында журналистер ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен оқиғаның мән-жайын сұрады.

Министр атап өткендей, қазақстандық студенттер төбелеске қатыспаған.

«Алты адам Үндістаннан келген студенттер, бұл олардың ішкі мәселесі, қазір Алматы полициясы тергеу жүргізіп жатыр, мен елшілікпен тікелей байланысқа шықтым, сөйлесіп, бірлесе отырдық Бұл студенттерді депортациялау туралы шешімді Президент өзінің соңғы сұхбатында өз еліндегі заңдарды қалай сақтайтын болса, Қазақстанда да сол заңдарды сақтауға міндетті екенін айтты депортациялау мәселесі елшілікпен шешіліп қойған», — деді министрлік басшысы.

Тегтер: