Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:31, 17 Қазан 2023

Алматы көшелерінде жаңа жол белгісі пайда болды

2
Фото: и4з открытых источников

Белгі жолақтың тарылғанын көрсетіп, жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап қалғанын ескерту мақсатында ойластырылған

Бүгінде Алматыда Тілендиев көшесі бойымен Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін жолақтарды сызу жұмыстары жүргізілуде. Эксперименттік тәртіпте бұл учаскеде жердегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдындағы апатты жағдайларды болдырмау үшін зигзаг таңбасы қолданылды.

Бұл жолақ ҚР Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілмеген. Сондай-ақ жолақты көлік жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап келе жатқанын білдіру үшін қолданылады.

Сонымен қатар, бұл белгі жолда басып озуға, кері жүруге, осы аймақта қайта бұрылуға болмайтыны туралы қосымша дабыл ретінде қызмет етеді, сол арқылы жол-көлік, адам өлімі сияқты оқиғалардың алдын алу үшін салынбақ. 

Қазақстанда ресми күшіне енбегендіктен, бұл таңбаны басып өткен жүргізушілер айыппұл төлемейді.

Айта кетейік, әлемдегі көп мемлекетте бұл таңбаны қолдану оның тиімді екенін көрсетті. Бұлар кей жерде жол белгісінен артық. Бірақ белгі мен таңбадан бөлек жаяу жүргіншілер қатысқан апатты азайту үшін тәулік бойы өткел мен ондағы адамдардың көрінуін жақсарту керек. Жолдағы таңба кей тұста белгіден де анық көрініп тұрғаны абзал. Сонда жүргізуші жылдамдықты азайтып, кенет адам шығып қалса дайын болады.