Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:10, 09 Қазан 2024

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Қарасаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

а
Фото: gov.kz

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев жемқорлық үшін әшкереленді.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасымен бірлесіп бірқатар ауыр жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Іле ауданының әкімін әшкереледі. Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз аффилиирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдікті. Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары тартылған.

Айта кету керек, компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шартта көзделген міндеттемелері орындалмаған, ал оның қызметінен түскен табыс оны жеке байытуға бағытталған.

Өңір экологиясына құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде 204 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

Айта кетейік, Антикор Бағдат Қарасаевтың ұсталғаны туралы 4 қыркүйекте хабарлаған. Бірақ, істің себебін нақтыламаған болатын.