Қоғам

Тараз маңындағы каналдан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Тараз қаласының шетіндегі каналдардың бірінен жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды КТК.

Канал жамбыл

Полицияның мәліметінше, нәрестені маңайда ойнап жүрген балалар байқаған. Олар бастапқыда суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Кейін оның сәби екені анықталған.

Полиция мәліметінше, баланың кіндігі де кесілмеген күйде болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полиция баланың анасын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтаркұлованың айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз