Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:48, 30 Мамыр 2024

Алматы облысында 2024-2025 жылдары 53 жайлы мектеп салынады

р
Фото: из открытых источников

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алатау қаласында 900 орындық жаңа мектеп құрылысы жүріп жатыр.

Жыл соңына дейін 3 мың м2 алаңда орналасқан жаңа білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде нысанның іргетасы мен монолитті қаңқасын орнату жұмыстары аяқталған. Мектеп қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, құрылыс және білім беру саласындағы соны технологиялармен жабдықталады.

Қазақстанда 2024-2025 жылдар аралығында Ұлттық жоба бойынша барлығы 369 мектеп ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Алматы облысында 2024-2025 жылдары 53 жайлы мектеп салынады. Биыл 600-ден 1500 орынға дейінгі сыйымдылығы әр түрлі 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Ұлттық жобаның шарттарына сәйкес, барлық жайлы мектептер оқушылар мен педагогтер үшін жоғары қауіпсіздік шараларын, тиісті инфрақұрылымды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай стандартқа сай салынатын болады.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: