Алматы облысында бірнеше аудан атауы өзгермек
Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтердің атауын өзгерту мақұлданды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Аудандар мен ауылдардың атын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдап, тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарды.
Іле ауданында:
- Энергетикалық ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне;
- Энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына;
- Чапаев ауылдық округі және Чапаев ауылы - Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
- Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы - Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына;
- Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылына;
- Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі мен КазЦИК ауылы - Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округіне және Асқар Тоқпанов ауылына өзгерді.
Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы тиісінше Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып қайта аталмақ.
Сондай-ақ Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде Қызыл-Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылы болып өзгертілді.
Осы Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.