Live

Алматы облысында қызметтік көлікпен адам қағып, оқиға орнынан қашқан ХҚКО қызметкері ұсталды

Алматы облысында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қызметкері қызметтік көлікпен адам қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жол апатынан 77 жастағы әйел қаза тапты.

полиция

Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторы ХҚКО қызметкері қызметтік автокөлікпен адам қағып, кейін жол апаты болған жерден кетіп қалғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ әлеуметтік желідегі жазбада қызметтік көлік кейін техникалық қызмет көрсету станциясынан табылғаны және оны бірнеше күн бойы жасырғаны туралы айтылған.

Алматы облысының полиция департаменті адам өліміне әкелген жол апаты болғанын растап, 26 жастағы жүргізушінің ұсталғанын хабарлады.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жол апаты 11 тамыз күні сағат 20:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы – Шелек – Қорғас – Бәйсейіт автожолында болған.

Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 77 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция оның жеке басын анықтап, ұстап, қамауға алды.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз