16:12, 14 Тамыз 2024
Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС салу бойынша талқылау өтті
Қонаевта Қазақстанда атом электр станциясы салу турасында қоғамдық талқылау өтті.
Талқылауды Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған. Кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы облысының тұрғындары қатысты.
Атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – еліміздегі өзекті электр энергиясына тапшылық мәселесін шешу. Сарапшылар атом энергетикасын дамыту жоспары туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігіне баса назар аударды, делінген хабарламада.
Ал, Энергертика министрлігінің сайты кездесу туралы "еліміздегі өзекті электр энергиясына тапшылық мәселесін шешу үшін Атом электр станциясын салу басты қажеттілік" деп жазды.