Қоғам

Астанадағы құрылыс дауына қатысты халықаралық іздеуде жүрген күдікті Шымкенттен ұсталды

Астанада тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салған 292 үлескерді алдады деген күдікке ілінген 45 жастағы ер адам Шымкенттен ұсталды.

Ұстау

Ол бұған дейін халықаралық іздеуге жарияланған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті бір топ адаммен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы елордадағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына қаражат тартқан. Алайда құрылыс жұмыстары қажетті рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген.

Қылмыстық іс аясында 292 үлескердің зардап шеккені анықталды. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 4 миллиард теңгеден асады.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің ұзақ уақыт бойы Шымкентте жасырынып жүргені белгілі болған. Ол полициядан бой тасалау үшін жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз