Қоғам

Шымкентте вейппен ұсталған ер адамға қатысты іс қозғалды

Шымкентте электрондық темекіні заңсыз сатумен айналысқан ер адам ұсталды.

Полиция

Полиция күдіктінің көлігінен жалпы құны 4 миллион теңге болатын 400 вейп тәркіледі.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің автокөлігін тексеріп, заңсыз айналымға шығарылмақ болған электрондық тұтыну жүйелерін анықтаған. Көліктен табылған өнімдердің жалпы саны – 400 дана. Олардың нарықтық құны 4 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз