Қоғам

Астанада TikTok-та әдепсіздік танытқан тұрғын айыппұл арқалады

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады.

Полиция

Белгілі болғандай, 20 жастағы Нағима Дәуренбек бірлескен тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, трансляцияға қатысқан өзге адамдарға қатысты құрметсіздік танытқан.

Аталған дерек бойынша тұрғын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз