Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:05, 29 Қаңтар 2024

Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қалалардың қатарына енді

Алматы
Фото: из открытых источников

2024 жылы Numbeo деректері бойынша Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қалалардың қатарында көш бастап тұр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Numbeo рейтингі 2009 жылдан бастап жүргізіліп жатыр. Рейтинг жалға берілетін тұрғын үй бағасы, азық-түліктің бағасы және тағы да басқа факторларды ескере отырып, пайдаланушылардың пікірлері негізінде қалыптасады.

2024 жылдың басында Алматы Орталық Азия қалаларының арасында бірінші орынды иеленді. Астана қаласы екінші орында, ал Ташкент пен Бішкек үшінші және төртінші орындарға жайғасты.

Numbeo қолданушыларының пікірлері шектеулі болғандықтан Душанбе және Ашхабад сияқты қалалар тізімге енбеді.

Бірақ Орталық Азияны ғана емес, жалпы Азияны алатын болсақ, Қазақстан қалалары бесінші ондыққа кіреді. Ең қымбаты Сингапур.

Алматы Түрік Анталиясы мен Қытайдың Ханчжоу қалаларының арасында орналасқан 40- орында. Рейтингте Балиден төмен және Бакуден жоғары болып Астана 49-орында тұр. Азия рейтингіне барлығы 86 қала енді.

Айта кетерлігі, өткен жылы Numbeo-ның мәліметінше, Алматыдағы өмір сүру деңгейі Мәскеуден қымбат болып шықты. Бірақ 2024 жылдың басында Ресей астанасы Қазақстанның оңтүстік астанасын басып озып, әлемдік рейтингте 268-орынға тұрақтады.