10:52, 03 Маусым 2024
Алматы полиция департаментінің қызметкерлеріне тергеу басталды
Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Антикор ақпаратынша, 17 мамырда әлеуметтік желіде оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған бейнежазба тараған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қазір тергеу жүріп жатқаны айтылған.
Фото: ашық дереккөз