Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:54, 25 Сәуір 2024

Алматы полициясы журналист Жамила Маричеваға қатысты іс қозғады

а
Фото:

Алматы қаласының полициясы PROTENGE жобасының негізін қалаушы және бас редакторы Жамила Маричеваға қатысты іс қозғады. Бұл туралы журналист Vlast.kz-ке хабарлаған.

«ProTENGE Telegam арнасында жалған ақпараттың таралуына байланысты басылымның авторы полицияға жеткізілді, онда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Жиналған материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданады», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін журналистің жүгіріп жүрген кезінде Алматының Бостандық ауданынының полиция бөліміне жеткізілгені айтылған. 

«Мен екі учаскелік полиция қызметкерімен полиция көлігінде отырмын. Себебі Телеграм каналда Азатықтағы әріптестерімді қолдаған жазба үшін, Асхат Ниязов секілді, жалған ақпарат тараттың деген желеумен әкімшілік жауапкершілікке тартпақ. Бірақ мен құжаттарды әлі көрген жоқпын. Полицияның өзі көп нәрсені түсінбейді», - деді журналист vlast.kz-ке.

Кейін ол полиция ғимаратынан шыққанын айтты. 

Бұған дейін ProTenge Telegram арнасында Азаттық радиосын қолдаған жазбаны қайта бөліскені үшін Асхат Ниязовқа қатысты іс қозғалған.

Айта кетейік, Маричева Қазақстан Журналистер одағы байқауының лауреаты. Оның PROTENGE жобасы мемлекеттік органдардың қаражатына зерттеу жасап, негізсіз жұмсалуы туралы ақпараттар жариялап отырады. 

Фото: ДАНИЯРА МУСИРОВА

Тегтер: