Қоғам

Алматыда 11-қабаттан секірген ер адам көз жұмды

Алматының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам 11-қабаттан секіріп кетіп, қаза болды.

1

Қайғылы оқиға бүгін таңертең қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы ер адам өзі тұратын пәтердің терезесінен секірген. Пәтер тұрғын үй кешенінің 11-қабатында орналасқан.

Зардап шеккен азаматты алғаш болып кешеннің күзетшісі байқап қалған. Ол дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.

Оқиға орнына дәрігерлер мен полиция қызметкерлері келген. Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды.

Белгілі болғандай, марқұм осы тұрғын үй кешенінде тұрған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз