Қоғам

Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

Алматыда зейнеткердің кенеттен жоғалып кетуі тұрғындарды алаңдатты. 16 сәуірден кейін қария байланысқа шықпай қойған соң, көршісі күмәнданып, үйіне барған.

қылмыс

 Оның айтуынша, кешкі уақытта үйдің жарығы сөніп тұрған, ал есігі ашық болған.

«Кешкі 22:00 шамасында келдім. Әдетте теледидары үнемі қатты қосулы тұратын. Мұндай уақытта қайда кетуі мүмкін? Бірден бірдеңе болғанын түсініп, учаскелік полицейге хабарластым. Үйдің бәрі ашық-шашық жатты», - дейді көршісі.

Көршілерден сұрастыру барысында қарияны белгісіз адамдар ұрлап кеткені анықталды. Айта кетейік, ол Паркинсон ауруы дертіне шалдыққан және бірнеше рет инсульт алған, сондықтан өз бетінше ұзап кетуі мүмкін болмаған.

Кейін Алматы қалалық полиция департаменті зейнеткердің қала маңындағы ауылдардың бірінен, жергілікті тұрғындардың үйінен табылғанын хабарлады. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі ер адам мен бір әйел ұсталды. Оларға Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз