Әлеумет

Алматыда ақылы тұрақ бағасы қымбаттауы мүмкін

Алматыда коммуналдық автотұрақтардың тарифін қайта қарау ұсынылды. Қазір қаладағы ақылы тұрақтың бір сағаты 100 теңге тұрады. Бұл баға 2016 жылдан бері өзгермеген.

автотұрақ

Жаңа жобаға сәйкес, көлік жүктемесі төмен учаскелерде тариф бұрынғыдай сағатына 100 теңге болып қалады.

Ал автотұраққа сұраныс жоғары аумақтарда бағаны көтеру көзделіп отыр. Жүктемесі орташа учаскелерде бір сағатқа 150 теңге, ал көлік көп жиналатын жерлерде 200 теңге белгіленуі мүмкін.

Яғни жоғары тариф тек тұрақ орындарына сұраныс көп әрі орын тапшылығы байқалатын аумақтарда қолданылады.

Жоба авторларының айтуынша, бұл өзгеріс бос тұрақ орнын іздеуге кететін уақытты қысқартып, автотұрақтардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ақылы тұрақ аймағындағы үйлердің тұрғындары арнайы рұқсат рәсімдеу арқылы үйінің маңына көлігін тегін қоя алады. Кейбір санаттарға қарастырылған жеңілдіктер де сақталады.

Тарифті өзгерту туралы жоба қалалық мәслихат сессиясында таныстырылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз