Алматыда автобус апатын жасаған Ахметжанов 8 жылға сотталды
2023 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында автобус жүргізушісін ұрып, есінен тандырған Дархан Ахметжановқа қатысы сот үкімі шықты.
Оған екі бап: ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық"; ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу" бойынша айып тағылды.
Ахметжановтың өзі тағылған айыпты мойындайтынын айтқан. Енді ол сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған. Әйел қатты соққыдан есін жоғалтқандықтан, автобус аялдамадағы бір топ адамды қағып кетіп, үш адам қайтыс болды.
Фото: Юлия Абрамова